Желіні жарған тиктокер-лингвист

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы әлеуметтік желілерде, әсіресе Тиктокта бірден көзге түсті. Қазақ тілінде талас тудырып келе жатқан туған, туылған, хиджаб, орамал, көп рахмет, үлкен рахмет, қаншау, нешеу, балкон, қылтима, Алла, Аллаһ, құдағи, құдағай, қарбыз, дарбыз және т.б. бойынша, сондай-ақ басқа да күрделі тақырыптарға байланысты видео-материалдар жариялап, көпшілік тарапынан қолдауға ие болды.

Тикток арқылы дұрыс айту, дұрыс жазуға бағыт көрсету, қазіргі таңда аса маңызды және заман талабы.