Алматылық бойжеткен артынан бейтаныс еркек үйіне дейін еріп келгенін айтып, жұрттан көмек сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.Info Azattyq Rýhy.сайтына сілтепме жасап.
Ол өз сөзінде бейтаныс ер адамның орынсыз әрекеті өзін қатты үрейлендіргенін айтты.
«Өмірім көз алдымнан өткен шығар, артымнан қалмай 4-қабатқа дейін үйіме еріп келді, мен дірілдеп сумкадан кілт іздеп, есікті 0,1 секундта жауып үлгердім. Жан керек болса не істемейсің. Есікті тарсылдатып ашта-аш деп қоймайды.
Жалғыз қайтып бара жатқан қызға әр еркек маньяк болып көрінеді. Осыны бұлар қашан түсінеді?! Таныспақ түгілі, көзінің қиығымен де қарамасын. Құдай сақтасын деп жүруші едім… Шүкір сақтады. Бірақ қорқыныш қалып қойды. Уайымым ертең үйге қалай қайтамын», — деп келтіреді алматылық бойжеткеннің сөзін @abdulla_kz_kz Instagram парақшасы.
ПІКІР ЖАЗУ