Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 10 күннен бері іздестірілген бес жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды ozgeris.info сайты informburo.kz сайтына сілтемемен.
“10 мамырда Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен кәмелетке толмаған Қалмырза Ж. есімді баланың денесі табылды. Оның жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 30 сәуірде түскен. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Арыз түскен бойда қылмыстық іс қозғалды”, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Барлық қажетті сараптамалар мен процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру