«Қысқартатын ештеңе жоқ»: вице-премьер Қазақстандағы мемлекеттік қаржы шығындары туралы

Primeminster.kz.

Taldau Talks подкастында Қазақстандағы салық-бюджет саясатының реформасы талқыланды. Вице-премьер-министр Серік Жұманғарин мемлекеттік қаржының тұрақсыз екенін айтып, салық реформасы қажет екенін жеткізді.

«Өткен жылғы бюджет процесі мұны көрсетті. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 32 трлн теңгеге өтінім берді, біз 26 трлн теңгені қанағаттандырдық. Әрине, одан да көп қысқартқымыз келді, бірақ секвестрленбейтін әлеуметтік шығындарға тірелдік. Біздің 98,9% шығындар секвестрлеуге жатпайды. Сондықтан сыншылар «шығындарды қысқартыңдар» дегенде – қысқартатын ештеңе жоқ», – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, жуырда ЭКСПО-да өткен жиында шенеуніктер «қысқартуға не бар?» деген мәселені талқылаған.

«Шын мәнінде секвестрлеуге болатын қаражат – 350 млрд теңге шамасында, одан көп емес. Оның ішінде әлеуметтік шығындар және тағы басқа міндеттемелер бар», – деп толықтырды Жұманғарин.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...