Сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебекке қатысты сот жүріп жатыр

Фото: instagram.com/qaznews24

Алматыда QazNews24 атты сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот процесі басталды, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл іс Наурызбай ауданының сотында қаралып жатыр. Темірлан Еңсебек сотқа әкелінген жоқ. Ол уақытша ұстау изоляторынан онлайн режимде қосылды.

Orda.kz мәліметінше, отырыстың басында айыпталушы үш өтініш білдірді.

Сот отырысы ашық болғанымен,  журналистер мен құқық қорғаушыларды сот залына кіргізбеді. Темірланның жақтастары сыртта тұрып  «Ашық сот!» , «Темірланға бостандық!» деп айқайлап жатыр.

Темірлан Еңсебектің әкесі судьяға қазақша сөйледі, судья сот орысша өтетінін айтып, орысша сөйлеуін талап етті.