Қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық журналист, қоғамдық-саяси бағыттағы «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков 58 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі басылым ұжымына сілтеме жасап.

«Оның өмірсүйгіштігі, азаматтық белсенділігі мен мақсатқа ұмтылуы – бәрімізге үлкен үлгі болды. Біз оны әрқашан жаны жомарт, жанашыр басшы әрі адал дос ретінде есте сақтаймыз», – деп жазды редакция.

Тараковтың өліміне не себеп болғаны айтылған жоқ.

«Лев Юрьевич – жарқын медиаменеджер, шығармашыл тұлға, дарынды азамат және тамаша публицист. Көп жылдан бері оны жеке танып, бірге жұмыс істеуге мүмкіндік болғаныма қуаныштымын. Бүгін Қазақстан журналистикасының көгінде тағы

бір жарық жұлдыз сөнді», – деп жазды мәдениет министрі Аида Балаева Facebook парақшасында.

Лев Тараков 1966 жылы 8 қыркүйекте Украинаның Чигирин қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметін басқарды, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде кеңесші болды, «Известия-Казахстан» және «Литер» газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 2012 жылдың мамыр айынан бастап «Время» газетіне жетекшілік етті.