Алматы облысындағы дүлей дауыл бір адамның өмірін жалмаған

Фото: Алматы әкімдігі

Қайғылы оқиға 7 сәуір күні болған, деп жазады ozgeris.info сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Алматы – Бішкек» тасжолының 37-шақырымында қатты желдің салдарынан ағаш құлап, ер адамның өмірін қиған.

«Қазір аталған жағдай бойынша полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тарапынан жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Азаматтарды қолайсыз ауа райы кезінде барынша сақ болуға және төтенше жағдайлар қызметінің ескерту, кеңестеріне құлақ асуға шақырамыз», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.