Салықтық есептілік нысандары 30 пайызға қысқартылады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында айтты. Оның сөзінше, Мемлекет басшысының есептілікті қысқарту жөніндегі тапсырмалары нақты орындалып жатыр.
«Бұған дейін 12 салық болды, қазір 11 ғана қалды. Басқа елдердегідей 30 түрлі салық емес. Бұл – жақсы нәтиже. Есептілік нысандары 30 пайызға қысқарады. Бұл – айтарлықтай жеңілдік. Жалпы, жүйе ашық әрі түсінікті. Салық комитетінің барлық ақпараттық ресурстарын қарап шықтым – цифрландыру деңгейі өте жоғары. Қазір Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысына жасанды интеллект енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл инвесторлар үшін жақсы ынталандыру болмақ. Қарапайым салық жүйесі елімізге инвестиция тартуға септігін тигізеді», – деді Серік Жұманғарин.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру