Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты құпияның сырын ашты. Әнші қазіргі уақытта басы бос екенін және енді күйеуге шықпайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол өзін «аяғы ауыр» деп болжағандарға жауап берді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Stan.kz-«ке сілтеме жасап.
«Жігітім жоқ! Енді жігітпен жүрмеймін деп айттым ғой сіздерге! Жігітпен жүрмеген соң, күйеуге де шықпаймын деген сөз. Талып құлап, онсыз өмір сүре алмайтындай біреуге ғашық боп жатсам, көрерміз. Жүрегім тыныш», – деді Ерке Есмахан.
Сондай-ақ әнші өзін аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді.
«Аяғым ауыр емес. Бұл тек ішімде орамал жиналып тұр. Жігітім, күйеуім жоқ! Күлге аунап туам ба?» – деді Ерке.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ