Шымкент қаласында биыл екінші жыл қатарынан әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. 03-06 наурыз аралығына жоспарланған ел біріншілігіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан 200-ге жуық жас спортшы жүлделі орындарға таласады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар, салтанатты жиынға Мәжіліс депутаты, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қатысты.
Биылғы ҚР чемпионаты «Әмбебап жекпе-жек және спорттық пышақ лақтыру федерациясы» және қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Сайыста ұлдар және қыздар арасында түрлі салмақ дәрежелерінде ел үздіктері анықталады.
Айта кетсек, 2021 жылы қала спортшылары әмбебап жекпе-жектен оң нәтижелерге қол жеткізді. Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында 8, жастар арасында 2, ересектер арасында 3 спортшы бірінші орынға иелік етті. Сонымен қатар, Анталияда өткен (Түркия) әлем чемпионатында Шерім Мүтәліп LIGHT және CLASSIC бәсекесінде алтын жүлдеге ие болды.
ПІКІР ЖАЗУ