Орал қаласында трансформатор подстанциясында тоқ соғып, ауыр күйік алған бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Мой город порталына сілтеме жасап.
30 сәуір күні зардап шеккен бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың денесінің 95 пайызы күйіп, төртінші дәрежелі ауыр күйік алған. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған.
2 мамырда баланың алған жарақаттарынан қайтыс болғаны белгілі болды. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастап, қылмыстық іс қозғады.
Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің жанында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, баланың добы электр сымдарына ілініп қалып, оны алу үшін бала трансформатор подстанциясының шатырына шыққан кезде ток соққан.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру