Қазақстанда электр энергиясын тұтыну мен өндіру арасындағы айырмашылық артып келеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz порталына сілтемемен. 2024 жылы бұл алшақтық 2,4 млрд кВт∙сағатты құрап, жаңа антирекорд орнатты. Электр станциялары 117,9 млрд кВт∙сағат өндіргенімен, ішкі тұтыну 120,4 млрд кВт∙сағатқа жеткен.
Жетпейтін энергияны Қазақстан негізінен Ресейден импорттайды. Сондай-ақ, Қырғызстаннан да аз көлемде сатып алады — бұл көбіне Ресейден Қырғызстанға транзит кезінде жүзеге асады.
2024 жылы өндіріс көлемі 4,2%-ға өсті, ал 2025 жылдың алғашқы екі айында көрсеткіштер өткен жылмен шамалас болды. Алайда қыс мезгілі тағы да тапшылықпен аяқталды.
Энергетика министрлігінің 2025–2031 жылдарға арналған жаңартылған болжамына сәйкес, биылғы жыл соңына қарай тапшылық 5,7 млрд кВт∙сағатқа жетуі мүмкін. Бұрын 2025 жылы 121,8 млрд кВт∙сағат өндірілетіні күтілсе, қазір бұл көрсеткіш 117,1 млрд-қа дейін төмендетілді. Сонымен қатар, биыл іске қосылатын жаңа қуат көздерінен күтілетін өндіріс көлемі де қысқартылды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру