Қызылордалық 16 жасар Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті.
Жас өнертапқыш жаңашыл жобасына QazaqGPT деп ат қойды. Аталған жоба OAI архитектурасы негізінде жасалған.
Бұйрық берсеңіз сурет салады, дыбыстама жасайды және кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады.
Оның жобасы американдық прототиптерден қарағанда ауқымдырақ.
Қазірдің өзінде 2000-нан аса адам пайдаланып көрген.
«Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», — дейді ол.
Жас өнертапқыш бұл белеске бірден жеткен жоқ. Нұрлан Құлмырза, Сәбит Ибадулла, Темірлан Әбжанов секілді ұстаздарынан кеңес алды. Сондай-ақ, Hackathon, Innofest байқауына қатысып, өзін дәлелдеп, Astana IT университетінің білім грантын ұтып алды. Халықаралық Enactus ұйымының базасына барып, американдық сарапшылар алдында жобасын сәтті қорғап шыққан.
Фото: Асылжан Абдуллаевтың жеке мұрағатынан
ПІКІР ЖАЗУ