2025 жылғы 8 мамыр күні Астана уақытымен таңғы 07:55:03-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Liter.kz порталына сілтемемен.
Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында, Алматы қаласынан 708 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.
Сейсмологтардың есептеуінше, бұл дүмпулер Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін 6 мамыр күні сағат 13:08:28-де “Ұлттық сейсмикалық бақылау ғылыми-зерттеу орталығы” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында тағы бір жер сілкінісін тіркеген болатын.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру