Салық заңнамасындағы маңызды өзгерістер енді бірқатар тауарларды ҚҚС-тан босатуды көздейді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
ҚҚС-тан босатылатын тауарлар қатарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, баспа өнімдері мен археологиялық жұмыстар кіреді.
Сондай-ақ, кейбір дәрі-дәрмектер де ҚҚС-тан босатылады. Бұл препараттардың нақты тізімін Үкімет бекітетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС-тың «минус 70%» көлеміндегі жеңілдетілген мөлшерлемесі сақталады.
Ал өңдеу өнеркәсібіне қатысты корпоративтік табыс салығы (КТС) бұрынғыдай 20% деңгейінде қалмақ.
Айта кету керек, банк операцияларына ҚҚС салу тәртібі сол күйі сақталады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру