Қазіргі уақыт табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен, аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ал басқа мемлекеттің алдында өз елінің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамда алар орны да ерекше. Әлемнің көптеген елі ағылшын тілін жетік біледі. Ағылшын тілін білу жаңа әлемнің есігін ашып береді. Осыған орай ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі меморандум жасау арқылы сотталғандарға ағылшын тілін үйрену курстарына жол ашты, Өскемен қаласы ішінде еркін жүруге құқығына ие сотталғандардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында Оралхан Бөкей атындағы кітапхана іргесінде орналасқан шет тілі курстарына жазылып жатқандар қатары көбеюде.
Курс кітапхана, мекеме аумағында өткізіледі. Кітапхана өз тарапынан көрнекі-құралдармен жабдықтауда. Курс аяқталысымен біліктілік сертификаттар табысталынады. Сотталғандар өз тарапынан осындай мүмкіндікке ие болуға жол бастаған мекеме әкімшілігіне алғысын білдіруде.
ПІКІР ЖАЗУ