Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев оққа ұшқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бүгін таңертең Шымкент қаласының ауруханасында жатқан Руслан Берденовке арнайы ұшып барған.
«Қазіргі жағдайы – орташа ауыр, реанимацияда. Сана-сезімі анық, сөйлесіп жатыр, жігерлі. Барша әріптестерден, достарымыздан сәлем айттым», — деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Болатбек Әлиев Берденовтың ата-анасын жақсы танитынын, бірге қызметтес болғанын атап өтті.
«Осы оқиға болған Шымкент – менің сайлау округім. Бір мандатты депутат ретінде арнайы келіп, жағдаймен жергілікті жерде таныстым. Көптеген адаммен сөйлестім, өз көзіммен көрдім», — деп түйіндеді депутат.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру