Цифрлық технологияны дамыту маңызды
30.04.2024
348
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 2 мамыр күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Бейсенбідегі отырыста сенаторлар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.
Хаттама транзит көлемдерін, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңартуды, сондай-ақ келісімді онжылдық кезеңге 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды көздейді. Сондай-ақ құжатта келісімді жүзеге асыратын құзырлы органды анықтауға қатысты өзгерістер енгізілген: Қазақстан жағынан – Энергетика министрлігі, Ресей жағынан уәкілетті ұйым – «Роснефть» мұнай компаниясы.
Сондай-ақ Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заң коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, перспективалы телекоммуникациялар мен цифрлық технологияларды тарту үшін қолайлы заңнамалық жағдайлар жасауға және инновациялық экожүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.
Фото: Сенат
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-