Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — деп жазылған ресми ақпаратта.
Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда.
Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Сайлау алдында "Аманат" партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.