"Бұл жекпе-жекті қазақстандық телекөрермендер мемлекеттік телеарналардан емес, түрлі шетелдік платформалардан көрді. Сонымен, неге біздің арналарымыз қазақстандық файтерлердің жекпе-жегін көрсетпейді? UFC өткізетін аралас жекпе-жек (ММА) бәсекелерін Қазақстан аумағында трансляциялау құқығы "Setanta Sports" компаниясына тиесілі. Айта кетерлігі, UFC жекпе-жектерді көрсету құқығын тендер аясында алдын ала бірнеше маусымға сатады. Сонымен қатар, UFC, мысалы, қазақстандық жауынгерлердің қатысуымен өтетін жекелеген жекпе-жектерді көрсету құқығын сатпайды. Qazsport телеарнасы қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын табуға тырысты және құқық иесіне Рахмоновтың жекпе-жегін мемлекеттік телеарна эфирінде көрсету туралы ұсыныс жасады. Алайда, "Setanta Sports" жекпе-жекті тек өзінің қазақстандық кабельдік теледидарында, оның ішінде өзінің қосымшасында көрсетуге ниет білдірді. Осылайша, Qazsport телеарнасы Рахмоновтың Гэрриге қарсы жекпе-жегін көрсете алмады", - деп жазды Нағи Бақытбеков.Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров жекпе-жек алдында шәкіртінің денсаулығы сыр бергенін айтқан еді.
Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі неге мемлекеттік телеарналардан көрсетілмеді
09.12.2024
290
Qazsport телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жегі неге мемлекеттік телеарналардан көрсетілмегенін түсіндірді. Бұл туралы Бақытбеков Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
8 желтоқсанда Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңген еді.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-