"Президент спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді", – дей келе, Мырзабосынов министрлік жанындағы комиссия басқарма басшыларын тағайындауға ықпал ететінін мәлімдеді.Халықаралық спорт шебері, "Парасат" орденінің кавалері Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойынында жеңімпаз болды. Сол жылы Баркер кубогын иеленді. Әуесқой бокстан бірнеше мәрте олимпиада чемпионы атанды. 2017-2019 жылдары "Нұр отан" партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. 2019-2021 жылдары Спорт комитетін басқарды. Кейін комитет басшылығынан өз еркімен кететінін мәлімдеді.
Серік Сәпиев жаңа қызметіне кірісті
27.11.2024
277
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев кірісті, деп жазады Ozgeris.Info.
Туризм және спорт министрі Ербола Мырзабосынов комиссия отырысына төрағалық етті. Комиссия отырысында екі облыстың басқарма басшылығына ұсынылған азаматтардың кандидатурасы талқыланды.
Соған сәйкес Сәпиев Қарағандыда спорт саласын басқаратын болды. Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев Павлодар облысы басқармасына жетекшілік етеді.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-