«Мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60% -ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%). Сондай-ақ отандық теле-, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-, радиоарналардағы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделді». - деді Қапбарова сенаттың жалпы отырысында.Ал отандық теле-, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясы 20% -дан 10%-ға дейін азайтылады. Бұған қоса, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сонымен қатар суицид жасау тәсілдері және суицид жасауға шақыру туралы ақпарат таратуға тыйым салынады. БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік беріледі. Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді.
Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады
06.06.2024
289
Парламент сенаты «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады.
Сенат депутаты Айгүл Қапбарованың айтуынша, бұл заң жаңа тәуекелдерді еңсеру, заман талабына сай медиа кеңістікті қалыптастыру үшін бірқатар жағдай жасайды.
Заңда бірнеше жаңашылдық көзделген. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік емес БАҚ-қа отандық контентті дамыту, Қазақстанның ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру беріледі. БАҚ-та жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-