"50 жасқа Алла жеткізсе, сақал-шашым ағарып, қартайғанша сахнада жүргім келмейді. Биыл 40 жасқа толдық, бір жағынан қарасам, Заттыбек, Сәкен ағаларымыз 50 жасқа толып жатыр, жап-жас. Сол кісілерге қарайсың да, әлі уақытымыз бар екен деп ойлап қоямыз. Бірақ 40 жас - ақыл тоқтататын жас, бұған дейін мен бірнәрсе сұрасам, өзім үшін сұрайтын едім. Мәселен, дүние берші, намазымды реттеші. Ал адам 40 жасқа келген соң, өзіңе емес, елге пайда тигізсем екен деп ойлайды екенсің. Шынымды айтсам, өзімді кәсіпкерлік жолда сынағым келеді. Бір жағынан, ағартушылық жолдан көріп, жастарға мұра қалдырғым келсе, екінші жағынан кәсіп иесі болып, сол арқылы халыққа пайдалы дүние шығарсам", - деді Ердос Қанаев.
"Сақал-шашым ағарып сахнада жүргім келмейді": Ердос Қанаев өнерден қашан кететінін айтты
10.01.2025
350
"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы 50 жасында өзін сахнада көрмейтінін айтты, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Ердос Қанаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, өнердегі болашағына қатысты ойын айтты. Әнші қартайғанша сахнада жүрмейтінін кесіп айтты. Ол уақыт келгенде өнерден кетуге ниетті екенін жекізді. Өнер иесі кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетінін де айтып қалды.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-