Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қызымның көңіліне қарадым": Майра Ілиясова неге тағы тұрмысқа шықпағанын айтты
05.12.2024
301
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Майра Ілиясова бұрынғы күйеуі туралы айтып, некесі неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін не себепті тұрмысқа шықпағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Майра Ілиясова жеке өмірі туралы жан сырын белгілі журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында ақтарды. Ол жолдасының өнеріне қарсылығы болғанын жасырмады.
"Әдемі болғандықтан жалғыз шығармын. Мен күйеуім спортпен көбірек айналысты. Соңғы уақытта менің гастрольдік сапарым көбейіп кетті. Ол "Осы концерттеріңді қойсаң қайтеді?! Мына бала қалып қояды" деген кезде мен ойлана келе оған "Мен өнеріммен қала берейін" дедім. Мен жай ғана дауысым орташа болса, мүмкін үйде отырар ма едім. Бірақ халыққа танымал болдым. Солай өзіміз ақылдасып шештік. Әрине, ол екі жылдай көнбеді. Бірақ сондай әдемі айырылыстық. Қазір отбасы, ұлы бар. Араласып тұрамыз. Қызым әкесімен керемет қарым-қатынаста, әкесін қатты жақсы көреді", - деді өнер иесі.
Оған қоса Ілиясова неге тағы да тұрмыс құрмағанын айтты. "Менікі үнемі концерт, жұмыс. Іш пысатын уақытым жоқ. Қызым ешкімді жақтырмайтын. Қазір "Менікі дұрыс болмапты" деп айтады. Мен қызымның көңіліне қарадым", - деп ағынан жарылды әнші.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-