Қытай кәмпитін жеген: Ақтөбе облысында оқушылар жаппай ауруханаға түсті
20.02.2025
345
Ақтөбе облысының Қобда ауданында 4-сынып оқушылары жаппай уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 ақпанда Қобда ауданында болған. Қобыланды батыр атындағы орта мектептің 23 оқушысы шұғыл ауруханаға жатқызылды. Төртінші сынып оқушыларында жүрек айну, көзден жас ағу және бөртпе белгілері байқалды.
"Оқушылардың бірі мектеп жанындағы дүкеннен қытай тәттісін әкелген. Оны жегеннен кейін жеті бала өзін нашар сезініп, тағы тоғызы қатты иістен ауырып қалды", – деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Қобда ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабыловтың сөзінше, сынып жетекшісі балалардың жағдайы нашарлағанын байқап, дереу жедел жәрдем шақырып, ата-аналар мен мектеп әкімшілігіне хабарлаған.
Барлық бала аудандық ауруханада қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жеті бала тамақтан уланған, қалғандары ингаляциялық жолмен уланған. Қазір аудандық ауруханада тоғыз бала жатыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды. Кәмпит сараптамаға жіберіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
19 ақпанда таңертең оларды облыс орталығының педиатр дәрігері қарады.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-