Қазақстанның мемлекеттік марапаттар жүйесі жаңа жоғары дәрежелі белгімен толықпақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «Әл-Фараби» орденін тағайындауды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада өткен ғалымдарды марапаттау салтанатында мәлімдеді ozgeris.info сайты.
Президент өз сөзінде Ұлы даланың әлемдік өркениетке қосқан үлесіне тоқталып, Әбу Насыр әл-Фарабидің есімін ерекше атап өтті. Шығыстың екінші ұстазы атанған ойшылдың мұрасы — бүкіл адамзаттың баға жетпес қазынасы. Сондықтан ұлы философтың есімімен аталатын марапат мемлекеттік иерархияда лайықты орын алуы тиіс.
«Бұл жоғары ерекшелік белгісі білім мен ғылым, мәдениет және руханият салаларында айрықша жетістіктерге жеткен азаматтарға беріледі», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы — Республика күні қарсаңында алғаш рет «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері өз иелерін табатын болады. Бұл бастама еліміздің зиялы қауым өкілдерін, ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерін қолдаудың және олардың еңбегін ұлықтаудың жаңа деңгейіне айналмақ.