"Күйеу бала Сұлтанға да қатысы бар": Атыраудағы іске күдіктілер туралы ресми дерек шықты

"Күйеу бала Сұлтанға да қатысы бар": Атыраудағы іске күдіктілер туралы ресми дерек шықты

Атырау облысы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасының өліміне күдікті деп танылған Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева  стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін Алматы қаласындағы сот сараптамалары институтына жіберілді, деп жазады Ozgeris.info сайты. 

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, күдікті Сұлтан Сарсемалиевке де қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалған. Алайда оның қорытындысы әзірге шықпады.

– Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу сатысында Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне құқықтық баға берілмеген және оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмаған. Күдіктілердің іс-әрекетіне түпкілікті құқықтық баға барлық мән-жай анықталып, тағайындалған сараптамалардың қорытындысы алынғаннан кейін беріледі, - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ата-енесі мен әйелінің бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалды.

 

Все новости