Әзілкештің жолы байланды: Сабуров Молдовада да «жағымсыз» тұлға атанды

Әзілкештің жолы байланды: Сабуров Молдовада да «жағымсыз» тұлға атанды

Танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың шетелдегі өнер көрсету мүмкіндіктері күн санап тарылып барады. Ресейден депортацияланып, Қытайдағы концерттері өтпей қалған әзілкештің жолына енді Молдова билігі де тосқауыл қойды деп хабайды ozgeris.info сайты.

Молдованың Мәдениет министрлігі ел аумағында Диана Арбенина, Нұрлан Сабыров және Олег Винниктің қатысуымен өтетін кез келген іс-шараны орынсыз деп санайтынын ресми түрде мәлімдеді. Ведомство өкілдері ұйымдастырушыларға өз позицияларын нақты жеткізіп, аталған әртістермен жасалған барлық келісімшарттарды бұзуды ұсынған.

Айта кетерлігі, комиктің басындағы бұлт тек сырт елдерде ғана емес, өз отанында да қоюланып тұр. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сабыровқа қатысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Құзырлы орган әзілкештің Украинадағы соғысты қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты істің мән-жайын анықтауда.

Бұл жағдай өнер иесінің халықаралық деңгейдегі мансабына айтарлықтай соққы болып тиіп отыр. Көптеген елдердің саяси ұстанымы мен қауіпсіздік шаралары Сабыровтың гастрольдік кестесіне тікелей әсер ете бастады.