Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Мемлекет басшысы қаржы институтының негізі қаланғанына 20 жыл толуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкі стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруда Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.
Николай Подгузов Мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды. Соған сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді.
Президентке банктің 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырған стратегиясы аясында жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар қаржы құйылды. Бұл – банктің өткен 15 жылда салған инвестициясымен парапар.
Атап айтқанда, 2,1 миллиард доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар энергетика саласына, 1 миллиард доллар көлік инфрақұрылымына, 1,1 миллиард доллар қаржы секторына бағытталды. Цифрландыруды дамытуға және жасанды интеллект технологиясын енгізуге айрықша мән беріліп отыр.
Мемлекет басшысы қаржы институты қызмет көрсететін аймақтардың айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл жаңа бастамаларды іске асырып, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Николай Подгузов Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
Мемлекет басшысы Николай Подгузовты қабылдады
Фото: Ақорда
10.04.2026
79
-
Құлсарыдағы шулы жаназа: Мыңдаған адам педофилдің туысы екенін білмей келген18:54, 10 апреля 2026
-
«Жаңа адамдар» қозғалысы бүкіл ел бойынша қан тапсыру штабтарын іске қосты18:15, 10 апреля 2026
-
Мемлекет басшысы Николай Подгузовты қабылдады17:26, 10 апреля 2026
-
"Ернін үлкейтіп алған": Әлішер Кәрімовтің қазіргі түрі сынға ұшырады (ВИДЕО)17:19, 10 апреля 2026
-
Ипотекаға талап күшейеді, жаңа ережелер кімге қалай әсер етеді?17:16, 10 апреля 2026
-
Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?16:47, 10 апреля 2026
-
Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді16:23, 10 апреля 2026
-
"Жалған пиар": Журналист Тұрсын Алагөзовке ауыр айып тақты (ФОТО)16:23, 10 апреля 2026
-
Әзілкештің жолы байланды: Сабуров Молдовада да «жағымсыз» тұлға атанды16:17, 10 апреля 2026
-
Алматыдағы сұмдық: 15 жастағы қызды 8 жігіт жабылып зорлаған16:17, 10 апреля 2026