Алматыдағы сұмдық: 15 жастағы қызды 8 жігіт жабылып зорлаған

Алматыдағы сұмдық: 15 жастағы қызды 8 жігіт жабылып зорлаған

Оқиға Алматы облысы Райымбек ауданындағы шағын ауылдардың бірінде болған. Онда 15 жастағы қызды сегіз адам екі ай бойы бопсалап, жыныстық зорлыққа ұшыратқан, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға  2026 жылдың қаңтарында басталған. Ол әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы жігітпен танысып, хат алмасқан. Алайда көп ұзамай жігіт бұл жазбаларды қыздың ағасына көрсетемін деп қорқытып, түн ортасында үйінен шығуға мәжбүрлеген.

Одан кейін күдікті қызды көлікке отырғызып, ауылдан тыс жерге апарып, зорлаған. Кейін ол жәбірленушінің байланыс нөмірін өзге адамдарға таратып жіберген.

Осыдан соң қызға бірнеше адам тарапынан қысым жалғасқан. Күдіктілер түн мезгілінде қорқытып, оны қайта-қайта үйінен шығарып отырған. Жәбірленуші екі ай бойы жүйелі түрде жыныстық зорлық көргенін айтқан.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Полиция қызметкерлері он алты жасқа толмағаны белгілі тұлғамен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары аясында оқиғаға қатысы бар тұлғалар шеңбері анықталуда, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаны жан-жақты, толық әрі объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп мәлімдеді ведомство.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікке ілінгендер 16 мен 26 жас аралығында.