«Бұл біздің аулада бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Осыған дейін де итті атып өлтірген жағдай болды. Учаскелік инспекторға арыз түсіргенбіз, бірақ ешқандай нәтиже болған жоқ. Бұл жолы біздің ит тірі қалды, алайда оның басында оқ бар. Ветеринарлық клиникада жасалған рентген қорғасын оқтың бар екенін көрсетті. Балалар әрдайым осы алаңда басқа да иттермен ойнайтын. Әзірге бірде-бір бала зардап шеккен жоқ, бірақ аулада иттер адамдардың қолынан жиі қаза табады», — делінген жазбада.Оқиғаға байланысты Орал қаласының полиция басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл бапқа сәйкес 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Полиция құқық бұзушыны анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
«Ит тірі, бірақ басында оқ бар»: Оралдық тұрғын балалар алаңында итке оқ атқан
25.10.2024
313
22 қазан күні сағат 22:08-де Орал қаласындағы Әбілхайыр хан көшесі, 101 мекенжайындағы үйдің ауласында орналасқан балалар алаңында белгісіз ер адам итке оқ атты, деп жазады Ozgeris.info "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта итке ота қажет, себебі оқ оның басына тиген. Бұл туралы иттің иелері әлеуметтік желіде мәлімдеді.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-