«Дауды жаптым»: Асқар Жұмабеков соңғы сөзін айтты

«Дауды жаптым»: Асқар Жұмабеков соңғы сөзін айтты

Актер Асқар Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ozgeris.info хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін актерге қатысты қызға қол көтермек болды деген айып тағылып, ол әкімшілік жаза ретінде 10 тәулікке қамауға алынған еді. Кейін бостандыққа шыққан соң, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген.

Сонымен қатар актер өзін айыптаған азаматты жауапқа тарту ниеті бар екенін де айтқан болатын. Алайда соңғы жарияланымында ол бұл мәселеге қатысты ұстанымын өзгерткенін жеткізді.

Асқар Жұмабеков өзінің жазбасында әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлерін оқып, саралағанын атап өткен. Оның айтуынша, ол жағдайды әрі қарай ушықтырмай, бәрін Жаратқанға тапсырған.

«Ойлана келе бір шешімге келдім. Сіздердің барлық жазғандарыңызды оқыдым, көрдім. Ит мені тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, менің одан айырмашылығым қандай? Бәрін Бір Жаратқанға тапсырдым. Осы жағдайды өзім үшін жаптым. Даттағандарға да, қолдағандарға да рахмет», — деп жазды актер.

Осылайша, актер аталған дауға қатысты тақырыпты өзі үшін жабатынын мәлімдеді.