Алматылық "Қайрат" құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев жаңа маусым қарсаңында ойын нөмірін ауыстырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы sportarena.kz басылымы жазды.
Клубтың негізгі құрамын таныстыру кезінде Сатпаевқа №10 нөмірі берілгені белгілі болды. Өткен маусымда ол №9 жейдемен ойнаған еді. Ал "ондық" бұған дейін грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зарияға тиесілі болған. Ол қысқы трансферлік кезеңде "Қайраттан" кеткен.