«Биліктегі салмағы төмендеді ме?»: Досаевқа қатысты жаңа шешімдер

«Биліктегі салмағы төмендеді ме?»: Досаевқа қатысты жаңа шешімдер

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев  ірі ұлттық компаниядағы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан шығарылған. Айта кетейік, ол бұл қызметке небәрі 2025 жылдың желтоқсан айында ғана тағайындалған еді.

Қазіргі уақытқа дейін бұл шешімдерге қатысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ. Дегенмен, қысқа уақыт ішінде екі бірдей ірі құрылымнан шығарылуы сарапшылар арасында түрлі пікір туындатуда.

Еске салсақ, бұған дейін наурыз айының соңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.

Осы өзгерістер аясында бұрынғы әкімнің мемлекеттік құрылымдардағы рөлі мен ықпалына қатысты сұрақтар қайта көтеріле бастады.