Алматы облысының Талғар ауданында тағы бір сұмдық оқиға болды. Тұздыбастау ауылында ер адам өз туған қызын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
10 қараша күні кешкі шамамен 18:00-де мас күйдегі әкесі ас бөлмесіне су ішуге кірген. Сол кезде 15 жастағы қызы тамақ дайындап жатқан. Екеуі суды бір уақытта алмақ болғанда сөзге келіп, жанжал басталған.
Жынданған ер адам асүйдегі пышақты алып, қызын 16 рет пышақтаған. Оның бет тұсын да орып тастаған.
Оқиға кезінде үйде ешкім болмаған. Қыз көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмды. Кейін масаңдықтан айыққан ер адам өзі туыстарына хабар берген.
«Ол қайын атама телефон соғып, “Қызымды өлтірдім. Мен де өлемін” деді. Карантин басталғалы жұмыссыз жүрген. Әйелі жұмыс істеді. Қыз отбасының ортаншысы болатын. Оқиға кезінде анасы жұмыста, ал екі ұлы сабақта еді», — дейді.
Марқұмның туыстарының айтуынша, әкесі мен қызының арасында бұрыннан салқындық болған. Қыз әкесінің ішімдікке салынғанын, үйдің шырқын бұзғанын намыс көрген. Ол бірнеше рет полиция шақырып, әкесін бұзақылық әрекеті үшін ұстауды талап еткен. Осы жағдайлардан кейін әкесі реніш сақтап жүрген.
Қызын өлтірген соң, полиция бөлімінде отырған ер адам туысына:
«Ол мені алқаш деді. Сол сәттен кейін не істегенімді түсінбей қалдым. Есімнен танып қалдым», — деп айтқан.
Қазір күдікті изоляторға қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қайғыдан есін жия алмай отырған отбасында анасы мен екі ұлы қалды.
Қанды қылмыстан кейін қызының денесін құшақтап қалған анасы тек бір-ақ сөз айтты:
«Полицияның жұмысына көңілім толмайды».
Оның неліктен бұлай айтқаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ, қыздың туыстары оның суретін жарияламауды сұрады.
"Бетін де осып жіберген": Талғарда әкесі қызын 16 жерден пышақтап өлтірді
Фото: видеодан скрин
25.11.2025
1717
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-