Жасөспірім қыз 1 желтоқсан күні інісімен бірге үйден шыққанымен, мектепке бармағаны белгілі болды, деп жазады ozgeris.info.
Таратылған мәліметтерге сүйенсек, бейнебақылау камералары олардың үйден бірге шыққан сәтін тіркеп алған.
«Алдын ала болжам бойынша, жолда екі бөлек кеткен: ұл бала мектебіне барған, ал қыз өзен жаққа қарай бет алған. Одан кейін оның жүрген жері анықталмай жатыр», — деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары.
Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 2011 жылы туған жасөспірім 1 желтоқсанда күндіз сабаққа шыққан, бірақ үйіне қайтпаған. Жоғалған кезде қыздың үстінде қара күрте, көк шалбар, ақ кроссовка болып, қоңыр сөмке ұстағаны айтылды. Қазір оны іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.
Қыз туралы қандай да бір дерек білсеңіз, полиция 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті
Фото: видеодан скрин
02.12.2025
1694
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-