"Өте қуаныштымын. Олимпиададан кейін алты ай өтті. Президенттің алдында сөз сөйлегенімде, алдағы додаларда жақсы нәтиже көрсетемін деп айтқан едім. Қаншама жыл еңбектендім. Бұл тек менің жеңісім емес, құраманың жеңісі. Осы жолы барлық жағынан дайындалдық. Қуаныштың көз жасы", - деді Назым жекпе-жектен кейін.Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Қазақстандық финалда қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Жақсы қорғана білген Алуа, шабуылда да дәлдігімен көзге түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Отандасымыз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.
Алтын жауған түн: Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар әлем чемпионы атанды
17.03.2025
394
Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Назым Қызайбай үшінші рет Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұған дейін спортшы өз мүмкіндігін жоғары бағалап, жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырған еді.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-