Александр Лукашенко жетінші мәрте президент сайлауына түспек
23.12.2024
255
Беларусь орталық сайлау комиссиясы 2025 жылы қаңтарда өтетін президент сайлауына үміткерлер тізімін жариялады. Арасында Александр Лукашенко да бар. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі nur.kz-ke сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылым мәліметінше, ОСК елдің қазіргі президенті Александр Лукашенконы мемлекет басшысы қызметінен үміткер ретінде тіркеген. Сонымен бірге президент сайлауына жеке кәсіпкер Анна Канопацкая, Беларусь либерал-демократиялық партиясының төрағасы Олег Гайдукевич, Республикалық еңбек және әділет партиясының төрағасы Александр Хижняк, Коммунистік партия басшысы Серей Сыранков түседі.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат 2025 жылы 1 қаңтарда басталып, 25 қаңтарда аяқталады. Ал президент сайлауы 26 қаңтарда өтеді. Александр Лукашенко 1994 жылғы 20 шілдеден бері билікті басқарып отыр. Осы уақыт аралығында ол алты мәрте – 1994, 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары президент сайлауына түсіп, ОСК оны жеңімпаз деп таныған. 2020 жылғы тамыздағы сайлауда Лукашенкоға оппозиция атынан Светлана Тихановская бәсекелес болды.
Сол кезде Орталық сайлау комиссиясы Лукашенко 80,1, ал Тихановская 10,1 пайыз дауыс жинады деп жариялаған. Президент сайлауынан кейін Беларусьте жаппай наразылық акциясы басталып, бірнеше айға созылған.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-