20 жылға келісімшарт жасалды: Еліміз электр энергиясын Тәжікстаннан сатып алатын болды
19.11.2024
273
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы Тәжікстан Республикасының құқықтық ақпаратының ресми порталында жарияланды, - деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Құжатта Қазақстанның Рогун ГЭС-інен электр энергиясын кем дегенде 2044 жылға дейін алатыны көрсетілген. Келісімшарттың мерзімі – 20 жыл, кейін оны тағы 10 жылға ұзартуға болады.
Электр энергиясын шекараға дейін тасымалдауға Рогун ГЭС-і жауап береді.
Әр киловатт-сағаттың құны ҚҚС-сыз 0,034 долларды құрайды, бірақ «сатушының шығындарына байланысты» транзитке үстеме ақы қосылады.
Қазақстанға тәжік ГЭС-інен алынған электр энергиясы үшін әр есептік кезеңге 35 күн төлем мерзімі беріледі.
Келісімде Қазақстанның Тәжікстаннан энергияны тек жоспарлы тапшылық сағаттарында ғана сатып алатыны атап өтілген.
Егер тараптар арасында келісімшарттың шарттарына қатысты келіспеушіліктер туындаса, оны Сингапур халықаралық арбитражында шешетін болады.
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026
-
Павлодарда жұмысшы 15 метр биіктен құлап кетті11:10, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда баспана бағасының күрт қымбаттауына негіз жоқ11:04, 03 апреля 2026
-
"Біз дайынбыз": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (ВИДЕО)10:34, 03 апреля 2026
-