ҚР Бас прокуратурасы қазақстандықтарды адыраспанды Ресейге тасымалдаудың заңсыздығы туралы ескертті.
Ведомствоның ресми Telegram-арнасында атап өтілгендей, Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «гармала» («адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар не олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізбесіне енгізілген.
Аталған өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл салу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.
«Демалыс кезінде Ресей Федерациясының аумағына кететін азаматтар ағынының артуына байланысты қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарды аталған өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізбеуге ескертеді», — деп атап өтті қадағалау органы.
ПІКІР ЖАЗУ