Желіде кішкентай балалардың ардагерлердің портретін ұстап түрған суреті тарады. Олардың ішінде Болат Назарбаевтың да портреті бар, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
«Ресейдегі балабақшалардың бірінде 9 мамырды тойлау кезінде балалар Болат Назарбаевтың портретін ұстап алған. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері болғандай», — деп жазды желі қолданушысы.
Аталмыш жайтқа қатысты жазылушылар түрлі пікір қалдырып, өз эмоцияларын жасыра алмаған.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 2021-жылдың 13-қарашасында 71 жасқа қараған шағында ауыр дерттен қайтыс болған еді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру