Әлеуметтік желіде полиция формасын киген ер адам көлікте сыра ішіп, оны белбеусіз айдап, мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойып, қатты жылдамдықпен айдағаны туралы фото-видео тарады. Полицейдің бұл әрекетіне қатысты Алматы полиция департаменті жауап берді.
@egovpress телеграм-арнасында полиция формасын киген адамның оғаш қылығы мен жұмыс уақытындағы этикаға сай емес фото-видеолары жарияланды.
Алматы полиция департаменті оның мүлдем құзырлы органда қызмет істемегенін мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу кезінде бұл азаматтың полицияға еш қатысы жоқ екені анықталды. Ол мүлдем полиция бөлімшесінде қызмет атқармаған. Ол қамауға алынды. Сотталушы полиция киімін заңсыз пайдаланғаны және бірқатар жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды», – деп жауап берді полиция департаментінің ресми өкілі.
ПІКІР ЖАЗУ