Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Маусым айында Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “ Азматтық борыш” жобасы аясында “Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды” акциясы өтіп, орталық зиратта жерленген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бейіттері маңында тазалау жұмыстары жүргізілді. Оған ұйым қызметкерлері мен бір топ еріктілер қатысты.

Тазалау жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Тазалықты жанына серік еткен еріктілер орталық зиратты тазарту жұмыстарына белсене қатысты. Әр еріктілерлерге керекті құрал-жабдықтары табыс етілді. Ер балалар шөп жұлу, қоқыс шығару сынды жұмыстарымен айналысты, ал қыз балалар сыпыру жұмыстарын қолға алды. Шыққан қоқыстарды зират маңындағы белгілі қоқыс тастау аймақтарына тасталынды.

“Азаматтық борыш” жобасы бойынша ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің үйіне азық-түлік себеттері таратылды. Әр ардагерге 5 литр күнбағыс майы және азық-түлік дорбасы берілді. Алматы қаласы бойынша 50 ардагер үйіне таратылды. Жоба жетекшісі Әбдібеков Мұхамбетжан Тоқтағұлы өз көлігімен ардагерлер үйін аралап шықты. Ардагерлер алғысын айтып, батасын беріп, соғыс жылдарындағы қызықты әңгімелерімен бөлісті.