Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Астанаға ресми сапармен келді.
«Біз Түркіменстанды сенімді стратегиялық серіктес, рухани жағынан да, тарихы жағынан да жақын мемлекет ретінде қарастырамыз. Расында да, соңғы жылдары елдеріміздің ынтымақтастығы өрлеу жолымен дамып, жаңа серпінге ие болды, оның ішінде экономиканың стратегиялық салаларында», – деді Мемлекет басшысы.
Рашид Мередов жылы қабылдау үшін ризашылығын білдірді және Ашхабадтың мемлекетаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
ПІКІР ЖАЗУ