Абайлардың саны 18 мыңнан асатыны хабарланды

Қазақстанда Абай есімді 18 452 адам тұрады. Бұл туралы Абай күніне орай ұлттық статистика бюросы ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды «Өзгеріс.инфо»порталының тілшісі“Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап

Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі. Мұнда 2050 адам тұрады, — делінген бюро хабарламасында.

Ал ұлы ақынның есімі берілген адам саны жағынан екінші орында тұрған қала  – Астана. Онда Абай есімді 1930 адам тұрады. Одан кейін  1 588 адам Алматы облысында тұратыны анықталды.

Ақынның есімі бар тұрғындар саны Ұлытау өңірінде өте аз. Мұнда небәрі Абай есімді 194 адам тұрады. Ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) 238 адам тұрады.

Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында – 8231 адам.