Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Бүгін, 10 тамыз күні, Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толып отыр. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Халықаралық мәдениет және өнерді қолдау қоры атынан көненің көзіндей болған құнды жәдігерді ҚР Ұлттық музейі қорына салтанатты табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды <<Өзгеріс>>.инфо ақпараттық-сараптамалық потралының тілшісіEl.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап

Абай заманының әр бұйымы қымбат, құнды. Баға жетпес асыл мұралар өткеннің куәгері, тірі шежіресі. Осындай жәдігерлер арқылы Абай дәуіріне жақындай түсеміз. Музей табалдырығынан аттаған адам сарқыт болып жеткен экспонаттар арқылы Абай рухына жақындайды. Тағызым етеді. Өскелең ұрпақ ұлы ақынның арда жолына бас иеді. Соңына қалдырған қасқа жолымен жүріп, шығармашылығына деген махаббаты оянады. Осылайша ұрпақ сабақтасытығы өз жалғасын таба бермек. Бүгінгі айтулы іс-шараның атқарар мінеті де, көтерер жүгі де осы болса керек.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Ендігі таңда Ұлттық музейдің төрінде жарқырап тұратын жәдігер – 1893 жылы жасалған кіші Тула самаурыны. Қаншама уақыттан бері көздің қарашығындай сақталған асыл қазына енді халықтың көзайымына айналмақшы.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев Абай күнімен құттықтады.

Тарихи деректерден ұлы ақынның музей саласына үлкен көңіл бөлгендігін білеміз. Семейде Абай атындағы алғашқы музей Ертіс жағасында саудагер Бекбай Байысовтың керуен сарайында ашылған болатын. Бүгінгі таңда бұл жерде өзен арқылы өтетін көпір бар. Кезінде Ертістің сол жағалауынан қаланың Жаңасемей бөлігіне келгендердің барлығы Бекбай Байысовтың керуен сарайында таңғы паромды күтіп жиналып отырған. Бүгінгі ҚР Ұлттық музейіне табысталғалы отырған самаурыннан сол заманның Абай, Шәкәрім және т.б. данышпандары шәй ішкен екен, — деді вице-министр.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Ол Керуен сарайдың артқы ауласындағы музей көшірілген кезде әртүрлі самауырындар табылғанын айтты. Тұрмысқа тұтынуға жарамайтын жәдігерді қалыпқа келтіріп, жәдігерді Айтқали Қыстаубаевқа табыстағанын жеткізді.

Болашақ тарихшы, әрі зерттеуші маман ретінде құнды жәдігерді қалыпқа келтіріп, самауырды ұзақ жылдар жеке мұрағатында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып қалдырған. Енді бүгін бұл құнды жәдігер еліміздегі ең ірі мекеме ҚР Ұлттық музейіне табысталғалы отыр, — деді Арман Жүдебаев.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Бұл Ұлттық музейде сақталған ұлы Абайдың өзі тұтынған 43-ші жәдігер болып табылады. Олардың арасында ақынның пайдаланған құтысы, көзі тірісінде баспадан шыққан кітаптары және тағы басқа маңызды дүниелер бар.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Бекбай Баисов өз заманындағы ірі саудагер. Татарлармен, орыс өкілдерімен байланыс орнатып, олардың тілін, мәдениетін меңгеріп, ең бірінші біздің қоғамға әкеліп орнықтырды. Сауда үйлері аясындағы қарым-қатынасты алғашқылардың бірі болып жандандырдын. Өз заманының ауқатты, өте дәулетті адамы бола тұра барлық байлығын ұлт болашағына арнаған. Бірнеше қазақ балаларының тіл меңгеруіне ғұмырын жұмсаған адам, — деді Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының төрағасы Асылан Ғафуров.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Ақын Абайдың мұражайы алғашында Семей қаласы Ертіс өзенінің жағасындағы Бекбай Баисов пен Әнияр Молдабаевтың үйлерінде орналасқан. Бұл үйге Абай қырдан Семейге келгенде түсетін болған. Бір кездері Ертістің сол жағалауынан, қаланың Жаңасемей бөлігінен келгендердің барлығы таңертеңгі паромды күтіп,  Бекбай Баисовтың қонақ үйіне жиналатын. Әңгіменің тиегі ағытылатын. Алаш қайраткерлері де осы үйде жиі бас қосатын. Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатұлы отбасымен бір жылдары осы үйде тұрғаны белгілі. Бүгінгі іс-шараға дәнекер болған самаурыннан Абай, Әлихан, Шәкәрім бастаған Алаштың көптеген ардақтылары шай ішкені аян.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Байлығын қазақтың мүддесі үшін жұмсаған Бекбай Баисовтың ұрпағы Асқар Асылғазыұлы Бекбаевта салтанатты шараға қатысып, Абай күнін шын жүрегімен құттықтады. Сонымен бірге Асқар Асылғазыұлы Ұлттық руханиятқа сіңірген айырықша еңбегі үшін Абай мерейтойлық медалымен марапатталды.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Кейін Абай мұражайы басқа орынға көшіріледі де Бекбай Баисовтың үйі қаңырап бос қалады. Сәулетті үйдің ауласынан әралуан самаурындар табылған. Тарихшы, рухани-мәдени құндылықтарды жинақтаушы Айтқали Бейсембайұлы Қыстаубаев досының көмегімен бірі үлкен, бірі кіші екі Тула самаурынын аман алып қалды. Содан бері самаурындар Қыстаубаевтың отбасында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып жеткен.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Әкем ескі жәдігерді көп жинаған. Самаурынның бірінші реставрациясын 1980 жылдары Семей қаласында қарапайым ұста жасаған. Ал екінші реставрациясы Ресейлік атақты ұста Кубрин деген кісі жасады. Кубриннің әкесі Тула самаурын зауытында істеген маман болыпты. Сол кісіден үйренгені бойынша жасап шықты. Самаурынның түбі мен ортасы жақсы сақталған, — деді Абай атындағы Халықаралық мәдениет және өнерді қолдау қорының құрылтайшысы, кәсіпкер Ермек Айтқалиұлы.

Абай шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды

Әкеден қалған асыл мұраны, Абай дәуірінен сыр шертетін жәдігерді Ермек Айтқалиұлы ҚР Ұлттық музейі қорына табыстады.