Қазақстан Парижде өтетін жазғы олимпиадаға ресми түрде шақырту алды

Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық олимпиада комитеті ресми құжатты Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетіне жолдаған.

Париждегі олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Айта кетейік, 14 маусымда Қазақстан Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына алғашқы лицензиясын жеңіп алды.