Қазақстан Францияның су ресурстарын басқару саласындағы тәжірибе алды

20 сәуірде Астанада «Орталық Азиядағы жер асты суларын басқару және климаттың өзгеруі» жобасы аясында Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған жер асты суларының ресурстарын басқару жөніндегі сарапшылардың 3 күндік семинары аяқталды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Су ресурстары — шектеулі табиғи байлық, оларды басқару адамзат үшін маңыздылығы арта бермек. Осы ресурстарды қалай тиімді үйлестіруге және жедел зерттеуге  болады? Бұл су сарапшыларының басқа да елдер үшін объективті мәліметтер бере отырып, жауап беретін сұрағы. Заманауи жоғары технологияларды қолдана отырып, дұрыс жоспарлауға тікелей әсер ететін сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесіне ерекше назар аударылады. Бұл туралы Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова су ресурстарын басқару бойынша семинардың ашылуында айтты.

Семинардың мақсаты — франциялық тәжірибесінің мысалында жер асты сулары туралы мәліметтерді жинау, басқару және пайдалану мәселелерін кең аудиторияға оқыту және түсіндіру.

Францияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Алекс Бортолан университет көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, Францияның климаттың өзгеруіне қарсы күреске берік, сондай-ақ су ресурстарының сарқылуы климаттың өзгеруінің ең алаңдатарлық әсерлерінің бірі екенін атап өтті.

MNU Басқарма төрағасының орынбасары қолда бар ресурстарды дұрыс пайдалануға үміт бар екенін айтты.

«Бүгінгі таңда су ресурстарын сәтті басқару біздің жауапкершілігіміз бен осы шектеулі табиғи ресурстарды пайдалануға саналы көзқарасымызға байланысты. Біз өскелең ұрпақты өмірдің маңызды көзі ретінде суға деген құрмет пен үнемді қарым-қатынас рухында тәрбиелеуіміз керек. Франция елшілігіне осы маңызды жаһандық мәселедегі белсенді ұстанымы үшін алғыс айтамыз. Осы маңызды тақырыппен айналысатын барлық сарапшыларға сәттілік тілейміз!», — деді ол өз сөзінде.