«СТУДЕНТТЕР КӨКТЕМІ-2023» фестивалі өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ағымдағы жылдың 18-21 сәуір аралығында Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс – шаралар жоспары аясында талантты жастар үшін «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2023» облыстық фестивалін өткізді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Фестивальдің мақсаты — Ақмола облысы жастарының шығармашылық қызметі үшін жағдай жасау, өңірдегі студент жастардың адамгершілік және мәдени әлеуетін сақтау және көбейту, студенттерді эстетикалық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру және жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасы театр-зияткерлік, ақпараттық-технологиялық және вокалдық бағыттарды қамтды. Фестиваль «Cover-нұсқа», «Тапқырлыр алаңы», «STUD КОКТЕМ – аруы» және «Үздік мобилограф» сияқты номинациялардан тұрды. Фестивальдің конкурстық бағдарламаларының әр номинациясы бойынша ұйымдастыру комитеті қазылар алқасын құрады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитетінің төрағасы бекітті.

«Студенттік көктем – студенттік шығармашылықты қолдау және дамыту бағдарламасы. Айта кету керек, «Студенттік көктем» фестивалін Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жыл сайын өткізіп отырады. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтқым келеді. Залдың энергиясын сөзбен жеткізу мүмкін емес, себебі әр қатысушының жанкүйерлері тамаша көңіл-күйде қолдау көрсетті. Шынында да, осы кеште нағыз көңілді атмосфера орнады», — деп облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков атап өтті.

Жалпы фестиваль қорытындысы бойынша «Cover-нұсқа» номинациясында 50 000 теңгелік ақшалай сертификат және жүлделі III-орынды Көкшетау қаласы жоғары медицина колледжінен Жігітай Диаз және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен келген Тұрсын Меруерт иеленсе, 80 000 теңгелік ақшалай сертификат және жүлделі II-орынды Бурабай колледжінен қатысқан Жанат Жандосқа бұйырды. Бірінші орынды және 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен Көкшетау жоғары медициналық колледжінен Тоғанасова Райхан марапатталды. Ал, гран-при атағына ие болған және 120000 теңгелік ақшалай сертификатпен Біржан Сал музыкалық колледжінен қатысқан Прямосудова Екатерина жеңіске жетті.

«Тапқырлар алаңы» номинацияы бойынша 3-орынды және 50 000 теңгелік ақашалай сертификатпен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен «IT» командасы иеленсе, жүлделі 2-орынды және 80 000 теңгелік ақшалай сертификатпен Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы Көпсалалы колледжінен «Барыс» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атағына ие болған және 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен Гуманитарлық-техникалық академиясынан қатысқан «Остатки друзей Оушена» командасы марапатталды.

«Үздік мобилограф» номинациясында 50 000 теңгелік ақшалай сертификатпен және жүлделі ҮШІНШІ орынды жеңіп алған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Сапарова Зарема марапатталды. Осы номинация бойынша 80 000 теңгелік ақшалай сертификатпен және жүлделі ЕКІНШІ орынды жеңіп алған Шағалалы ауылының Жоғарғы агротехникалық колледжінің студенті Алпысбай Нажмаддин марапатталды. 100 000 ақшалай сертификатпен жүлделі БІРІНШІ орынға Жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенті – Тюлюханов Альтаир еншісіне салды.

«Студенттік Көктем аруы – 2023» сұлулық байқауында «Көрермен көзайымы» номинациясына Қосшы қаласынан келген Жамантай Гульфайруз Мерекеқызы марапатталды. «Талантты ару» номинациясына Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінен Жақсылықова Аида Ақжігітқызы ие болса, «Көрікті ару» номинациясы Көкшетау қаласы Гуманитарлы-техникалық академия студенті Шоқақ Дильназ Кенжегалиқызына бұйырды. Сондай-ақ, 50 000 теңгелік ақшалай сертификат және  ІІ вице-мисс атағына ие болғаны үшін Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті – Тұрқай Кенжегүл Қайырболдықызы иеленсе, 100 000 теңгелік ақшалай сертификат және І вице-мисс атағына ие болғаны үшін – Акбарова Жұлдыз Дамирқызы марапатталды. Ал, 150000 теңгелік ақшалай сертификат және «Студенттік Көктем аруы – 2023» атағына ие болған, Көкшетау қаласы Жоғары медициналық колледжінің студенті – Ещанова Амина Берікқызы жеңіске жетті.