Текелі қаласындағы қоқыс жанған полигондағы өрт сөндірілді

uralskweek.kz

2022 жылғы 28 маусымда сағат 20.39-да Текелі қаласының маңында қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигонында қоқыс жанған, — деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жоюға Алматы облысы ТЖД (5 қызметкер және 2 бірлік техника) және жергілікті атқарушы органдардың (4 қызметкер және 2 су тасушы көлігі) күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтары сөндірілді, шамамен 300 шаршы метр алаңда тұрмыстық қалдықтардың бықсуы байқалған. Полигонның жалпы аумағы 1,2 га құрайды, тереңдігі 1,5 метрден 2 метрге дейін.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта бықсу ошақтарын су құйу жұмыстары мен рекультивациялық жұмыстар жүргізілуде.